Вакцина алмаған қызметкерлердің жұмыс істеуіне шектеу қойылады

4107
Adyrna.kz Telegram

2 тамызда Нұр-Сұлтанда жаңа карантиндік шектеулер күшіне енді. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, бірқатар ұйымдар мен объектілерде штаттық режимде жұмысқа COVID-19-қа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысына шектеу  (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш айда КВИ-мен ауырмаған адамдарды қоспағанда) қойылады, деп хабарлайды "Адырна".

Олардың қатарында: халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс орындары, құрылыс объектілері, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет пен демалыс, қонақ үйлер, әуежайлар, вокзалдар, білім беру және оқыту ұйымдары, денсаулық сақтау, шипажайлар, ойын -сауық мекемелер, дәріханалар және т.б.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер мемлекеттік органдардың, кеңселердің, ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің 80% -ын қашықтықтан жұмысқа ауыстыруы тиіс.

Ерекшеліктер тек соңғы үш ай ішінде вакцинацияланған және ауыратындарға қатысты. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 тамызына дейін жұмысшылар бірінші компонентпен, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін - COVID -19 вакцинасының екінші компонентімен (екпе алған адамдарды қоспағанда) иммунизациялануы тиіс.

Нұр-Сұлтандағы шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау үшін МАБ отырысының хаттамасына сәйкес қабылданды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер