Петропавлда картоп сатылымына шектеу енгізілді

1223
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласында картопты шектеулі мөлшерде сату тәртібі енгізілді. Енді тұрғындар тұрақтандыру қоры пункттерінен немесе супермаркеттерден бір адамға 3 келіден артық картоп сатып ала алмайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.

Жергілікті билік бұл шектеуді алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында қабылдағанын мәлімдеді. Тұрақтандыру қорының дерегіне сәйкес, қорда 1200 тонна картоп сақталған. Қазіргі уақытта картоп тұрақтандыру қорынан 97 теңгеден, ал супермаркеттерде 110 теңгеден сатылуда. Бұл бағалар базардағы бағамен салыстырғанда үш есе арзан.

Осыған ұқсас шектеу Атырау қаласында да енгізілген. Онда да картопты бір адамға 3 келіден артық сатуға тыйым салынған.

"Бір адамға 2-3 келіден картоп беріледі. Себебі картопқа сұраныс өте жоғары, сондықтан алыпсатарлыққа жол берілмеуі тиіс. Бұл картоп тапшылығына байланысты емес", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласындағы кей дүкендерде де картоп сатылымына шектеу қойылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер