Осыдан алты жыл бұрын, 2019 жылы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 наурыздағы № 6 Жарлығымен Қазақстан астанасы Астана қаласы Нұр-Cұлтан қаласы болып өзгертілді.
Астананың іргетасы 1830 жылы Ақмола бекінісі ретінде қаланған. Кеңес дәуірінде қала Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның билігі қаланың тарихи атауын қайтарып, Ақмола деп өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
2019 жылы Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бірақ 2022 жылы қайтадан Астана атауы қайтарылды.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км²-ді құрайды. 2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш.
Астана – әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Қыста температура -40°C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал жазда +35°C-қа дейін көтеріледі. Қалада қысы ұзақ әрі қатал, жазы қысқа және ыстық болады.
1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітішілік қаласы" атағын иеленді.