Санди Бексырға Стамбулда сән студиясын ашты

4137
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақстандық визажист, бет әрлеуші Санди Бексырға Түркияның Стамбул қаласында өз сән студиясын ашты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы визажист өзінің инстаграм парақшасында жазып, оқырмандарына жылы лебізін жолдады.

"Қыздар, шын армандар орындалады! Мен оған сенем. Керемет кездесу, жаңа керемет әлемдiк деңгейдегi азаматпен жұмыс жасау маған бұйырыпты ! Комментарий жазуды ұмытпаңыздар" — деген ол түріктің танымал жұлдызы Мұстафа Сандалға грим жасап, онымен алдағы уақытта жұмыс істейтінін жеткізді.

Визажистің жаңа сән студиясының ашылуына  белгілі әнші Шаһизада мен Кәмшат Жолдабаева, т.б. өнер адамдары қатысқан.

Айта кету керек, Санди Бексырғаның студиясы мектеп және салоннан тұрады. Мектебі халықаралық статус алған, көп шәкірті әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Ол 10 күн ішінде кәсіби мэйк-ап жасауды үйретіп шығарады.

Бүгінге дейін Санди қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен неміс әншісі C.C.Catch-тің жеке визажисті атанды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер