Google тыйым салды: вакицна салдырмаған қызметкерлер кеңсеге кіре алмайды

3183
Adyrna.kz Telegram

Google кеңсесіне короновирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлер ғана келе алады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Компания коронавирустың жаңа толқыны өршуіне байланысты қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу режимін алып тастауды 1 қыркүйектен 18 қазанға ауыстырды.

Google бас директоры Сундар Пичайдың айтуынша, Google кампустарына жұмысқа оралғысы келетін қызметкерлер вакцина алуы керек. Жеңілдік тек денсаулығына байланысты вакцина алмайтын адамдарға жасалады.

«Кампустарға жұмысқа келетіндердің бәріне вакцина алу міндеттеледі. Біз бұл саясатты АҚШ-та алдағы апталарда, ал басқа аймақтарда алдағы айларда жүзеге асырамыз. Іске асыру жергілікті жағдайлар мен ережелерге сай өзгереді», - делінген Пичай мәлімдемесінде.

Сонымен қатар қызметкерлерге 18 қазанға дейін қашықтан жұмыс істеуге рұқсат етілді, өйткені көп адам "дельта" штамына байланысты жергілікті аурудың өршуіне алаңдайды және кеңседе жұмыс істеуге қорқады. Одан кейін компания қызметкерлері кеңседе аптасына кемінде үш күн жұмыс істеуі керек.

Алайда ерекше жағдайға тап болған адамдар 2021 жылдың соңына дейін қашықтан жұмыс істей алады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер