Белгілі журналист қайтыс болды

7246
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақпарат саласының үздігі, мәдениет қайраткері Нұрперзент Домбай өмірден озды. Қаралы хабарды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жеткізді.

«Нұрперзент Домбайдың өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Нұрперзент Домбай бүкіл саналы ғұмырын отандық журналистика саласына арнап, қарымды қабілетімен, зор шығармашылық әлеуетімен ұлттық медианың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қызмет жолын өңірлік БАҚ-нан бастап, өзінің еңбекқорлығымен республикалық деңгейге дейін көтерілді. Журналистикамен қатар, поэзия әлеміне де қалам тербеді, мәнді де мазмұнды деректі шығармалар жазды. Марқұмның жарқын болмысы мен тұлғасы жақындары мен әріптестерінің, жазған рухани дүниелері қалың оқырман қауымның есінде мәңгi сақталады. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын»,–деп жазды министр.

«Адырна» ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер