Нұртастың концерті: тексеріс басталды

6179
Adyrna.kz Telegram

Әнші Қайрат Нұртас Алакөлде ән кешін өткізген. Қазір Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

Қайрат Нұртас өз инстаграм парақшасына концертте түсірген видеосын жариялап, "Рақмет, Алакөл" деген жазба қалдырған.

Ал Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне полициядан концертті ұйымдастырушыларға қатысты ешқандай материал түспегендігі туралы хабарланған.

"Қазіргі уақытта Үржар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жауапты қызметкерлері бұл факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Келіп түскен материалдар заңмен белгіленген мерзімде қаралады", - делінген хабарламада.

Департамент сонымен қатар карантинді сақтау қажеттігін де еске салған.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақта.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер