Нұртастың концерті: тексеріс басталды

6847
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/kn.jpg
Әнші Қайрат Нұртас Алакөлде ән кешін өткізген. Қазір Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке" сілтеме жасап. Қайрат Нұртас өз инстаграм парақшасына концертте түсірген видеосын жариялап, "Рақмет, Алакөл" деген жазба қалдырған.
Ал Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне полициядан концертті ұйымдастырушыларға қатысты ешқандай материал түспегендігі туралы хабарланған.
"Қазіргі уақытта Үржар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жауапты қызметкерлері бұл факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Келіп түскен материалдар заңмен белгіленген мерзімде қаралады", - делінген хабарламада. Департамент сонымен қатар карантинді сақтау қажеттігін де еске салған. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақта.

"Адырна" ұлттық порталы.

评论