Ханшайым: жапондар Рыпаковаға таңдануда

8883
Adyrna.kz Telegram

Жеңіл атлетші Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылуында қазақстандық делегацияны таныстырушы болды. Қазақтың ұлттық киімін киген спортшыға жапондықтар таңданып, Twitter желісінде әр түрлі пікірлер қалдырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz-ке" сілтеме жасап.

Nikkansports.com сайтының хабарлауынша, әлеуметтік желілердегі тұрғындар Ольга Рыпакованы имиджі мен ойындағы фондық музыкасына байланысты «Ойын ханшайымы» деп атапты (Токио Олимпиадасының ашылуы Final Fantasy трегімен және басқа жапондық компьютерлік ойындармен өтті).

 

Vesti.kz сайты атап өткендей,  олимпиадаға костюмдер дайындау және ұлттық ою-өрнектердің символикасы мен оларды пайдалануда Қазақстан ұлттық құрамасы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің сәндік-қолданбалы өнер зерттеушілерінен кеңес алған.

«Костюмдер бірегей, заманауи және дәстүрлі. Бұл шеберлер жасаған жоғары сәнді бұйымдар, мен оларға керемет жұмыстары үшін алғыс айтуым керек», - деген болатын бұған дейін Ольга Рыпакова olympic.kz-ке берген пікірінде.

Айта кету керек, Ольга Рыпакова - ұзындыққа, қарғып секіруге маманданған қазақстандық спортшы. Ол Лондонда өткен Олимпиаданың чемпионы (2012), Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016). Сонай-ақ ол жабық ғимаратта үш мәрте секіру бойынша әлем чемпионы.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер