Жаңа рейс: Ақтау мен Ыстамбұлдың арасы жақындады

2045
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында 23 шілдеден бастап Ыстамбұл-Ақтау-Ыстамбұл бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Ақтау қаласы демалғысы, бизнес жүргізгісі және Каспий жағалауы мен оның айналасындағы көрікті жерлердің әсемдігін көргісі келетін туристер үшін, сондай-ақ инфрақұрылымға инвестиция салуға ниеті бар азаматтарға зор мүмкіндік береді. Жаңадан ашылған әуе рейсі осылайша бүкіл әлемді Ақтау қаласымен біріктіруге ықпал етпек.

 

“Соңғы 10-15 жылда Маңғыстау облысы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды аймақтардың бірі болды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы - бұл елдің туристік әлеуетін дамытудың негізгі бағыты. Алға қойылған мақсаттарға жету және экономика деңгейін көтеру үшін облыстың көлік әлеуетін дамыту қажет. Ұзақ қашықтық, жылдамдық, қамтамасыз етілген жайлылық және басқа да факторлар, ең алдымен, әуе көлігінің дамуына ықпал етеді. Маңғыстау облысының географиялық орналасуы одан әрі интермодальдық тасымалдау жүйесінің дамуына ықпал етеді (көліктің барлық түрлерінің болуы: авиация, теңіз, теміржол, автомобиль жолдары”,- дейді Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов.

Ақтау әуежайы - Батыс Қазақстандағы хаб әуежайы. Ішкі рейстердің транзиттік жолаушыларының (Атырау, Шымкент, Кокшетау, Орал, Ақтөбе) Мәскеу, Ыстамбұл, Баку арқылы кез келген жерге жетуге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Ақтау әуежайы Каспий маңындағы қалалармен, Кавказбен, Грузиямен, Армениямен тығыз байланысқа ие. Жаңадан ашылып отырған рейс арқылы Маңғыстау тұрғындары ежелгі тарихы бар Ыстамбұл қаласына керемет саяхат жасай алады.

Ыстамбұл-Ақтау-Ыстамбұл бағыты бойынша жаңа рейс «Turkish Airlines авиакомпаниясының "A320 Neo" әуе кемесімен 23 шілдеден бастап аптасына екі рет сейсенбі және жұма күндері ұшады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер