Маңғыстау облысында 218 түлек "Алтын белгі" алды

1564
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында 218 түлек "Алтын белгі" иегері атанды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Биыл облыста жалпы білім беретін мектепті 7010 оқушы бітірген. Оның 218-і "Алтын белгі", ал 424-і "Үздік аттестат" иегері атанды.

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаеваның айтуынша, 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерді 158 756 оқушы аяқтады. Оның 156154-і күндізгі мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім алды.

«Енгізілген карантиндік шараларға сәйкес, облыс мектептерінде осы оқу жылында оқыту 3 форматта жүргізілді: қашықтан, штаттық режимде және кезекші сыныптар арқылы. Қашықтан оқытудың қиындықтарына қарамастан оқу процесі тоқтаған жоқ. Сабақтар цифрлық платформаларды қолдану арқылы өтті. Білім саласында кеткен олқылықтарды жою үшін өңірде жазғы мектептер жұмыс жасады. Онда 30 мыңнан астам оқушы білімін жетілдірді. Оcы оқу жылының қорытындысымен сапа көрсеткіші 64,9 пайызды құрады. Үлгерім – 100 пайыз», — дейді С.Төлебаева.

Айта кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 15 сәуір күні басталды. 30 маусымда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің жоғары және жоғарыдан кейінгі білім алуға жергілікті бюджеттен 175 грант тағайындалды. Оның 165-і бакалаврға, 10-ы магистратураға арналған. Мамандықтар тізбесіне өңірге қажетті педагогика, медицина, ауылшаруашылығы, өнер салалары бойынша мамандықтар енгізілді.

«Тағы бір ерекшелік, талапкерлерге тест тапсыруға 2 мүмкіндік беріліп, жоғары нәтижеге қол жеткізген баллдарымен мемлекеттік білім беру грантын алады. Облыс әкімінің білім беру грантына конкурс тамыз айында өтеді. Конкурсқа құжат қабылдау орны қосымша ресми хабарланатын болады», - дейді басқарма басшысы.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер