Путин: Қазақстанмен әріптестігімізді арттырамыз

2608

Бүгін, 20 шілдеде МАКС 15-Халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының ашылу салтанатында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанды Ресейдің авиация саласындағы серіктесі ретінде атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасының бұл шараға Ресейдің серіктесі ретінде қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Қазақстандық әріптестермен және Еуразиялық экономикалық одақтың басқа да мүшелерімен технологиялық салада байланысты күшейтуді жөн деп санаймыз», - дейді Путин.

Оның айтуынша, МАКС авиасалоны халықаралық деңгейде жұмыс істеп жатқан үздіктердің қатарында.

«Авиасалонда әлемнің 50 елінен 250-ден астам компания жұмыс істейді. Қашықтан байланыс орнатып отырғандар да бар», - дейді президент.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар