Тоқаев QazVac-ты ДДҰ-ға тіркеуді тездетуді тапсырды

3354
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасын  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді тездетуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна".

"Келесі сұрақ осы саладағы жетекші өндірушілердің вакциналар желісін кеңейту қажеттілігімен байланысты. Отандық фармацевтикалық алаңдарда жаңа ресейлік "Спуник Лайт" вакцинасын жеткізу және босату мәселесін пысықтау керек", деді Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңесте.

Қыркүйек айында жоспарланған отандық вакцина QazVac-тың өнеркәсіптік шығарылымын ескере отырып, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдету қажет. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Екіжақты келісімдер шеңберінде QazVac-ты үшінші елдердің нарықтарына жылжыту бойынша жұмысты ұйымдастыру маңызды. Үкіметтен бір ай ішінде бұл мәселені ерекше бақылауға алып, нәтижелері туралы есеп беруін сұраймын.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Пікірлер