Қытайдағы жер сілкінісі. Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

1283
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар Президент  Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Шигацзе қаласының маңында жер сілкінісі 2025 жылғы 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:05-те (Астана уақыты бойынша 06:05) тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, күшті жер асты дүмпулері Бихар, Ассам және Батыс Бенгалияда сезілген. Тұрғындар үрейленіп үйлерінен жүгіріп шыққан. Жер сілкінісінен кем дегенде 32 адам қаза тауып, тағы 38 адам зардап шеккен. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин кең ауқымды құтқару жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 7,1 балл болған. Қытайдың сейсмикалық орталығы оның күшін 6,8 балл деп болжап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер