Қырғызстанның Халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабірін белгісіз біреулер бүлдіріп, түндігін алып кеткен. Бұл туралы тележүргізуші Ассоль Молдокматова жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Жазушының ұлы кәсіби мамандармен ақылдаса отырып, бірыңғай сәулет ансамблін мұқият ойластырды. Барлығы Асқар Шыңғысұлының жеке қаражатына құрылды. Ол әкесі туралы естелікке құрметпен және мұқият қарайды. Біз кешіріп сұрап, тез арада түндікті қалпына келтіруіміз керек", - деді ол.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі халқымызға өте-мөте жақын еді.
«Адырна» ұлттық порталы