3 жыл бойы бюджет қаражатын жеген

5693
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Арыс қаласында 3 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған бөлім басшысының орынбасары ұсталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Арыс қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары бір топ адаммен бірлесіп, 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын "жеп" отырған.

Агенттік мамандарының айтуынша, бұл қаржы аз қамтылған мұқтаж отбасыларды қолдауға берілетін қаражат болатын. Салдарынан мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген.

Айта кету керек, шенеулік жымқырған қаражат атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде Арыс қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы төлеуге және кейбір санаттағы азаматтарды пандемия, төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген. Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер