Маңғыстау облысында құс фабрикасының өнімдері сатылымға шығарылады

2909
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында ірі құс фабрикасы іске қосылып, бройлерден шыққан балапандардың алғашқы легі өсіріліп, жақында құс сою жұмысы басталмақ деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. 

Осылайша облыста «Каспий құс» атауымен ұсынылатын құс еті өнімдерінің алғашқы легі сатылымға шығарылмақ. Өнімдер облыстың ірі сауда желілерінде сатылады.

Алдағы уақытта «Ақтау агро» құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді. Маңғыстау облысының жылына шамамен 11,5 мың тонна құс етін тұтынатынын ескерсек, жартысына жуығын қамтуға мүмкіндік туады.

«Ақтау агро» ЖШС екі бағытта жұмыс істейді: бірі  құс етін өндіру болса,  екінші бағыты — құстар мен малға арналған жем өндіру.

Айта кету керек, аталған серіктестікте  құс бағуға арналған, құс соятын, жем шығаратын және 30 мың құс сиятын цехтар бар.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер