Ақтөбе облысында дамудың оң қарқыны сақталуда

3239
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында 6 ай ішінде 955 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңір экономикасына 276 млрд теңге инвестиция тартылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Биыл жыл басынан бері облыста ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 101,8 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 2,3%-ға артық. Сондай-ақ биыл алты ай ішінде өңір бойынша жалпы алаңы 367 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жиын өткізіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жемшөп дайындауға субсидия төлеуді барынша жеделдетуді және қазірден бастап оларға осы төлем түріне құжаттар рәсімдеуге көмектесуді тапсырды.

Биылғы жылы барлығы 2,7 млн тонна қысқы жемшөп жинау жоспарлануда. Бұл қор 1,5 жылға жетеді. Шілденің басындағы жағдай бойынша жоспар 30%-ға орындалған.

Айта кету керек, биыл жем-шөп бағасын арзандату үшін ақтөбелік шаруаларға 6,5 млрд теңге субсидия бөлінетін болды. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер