Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды

1548
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қарғалы су қоймасы толды және Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, Ақжар және Садовое тұрғын алаптары аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция мен әскерилер 140-тан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 25-і - бала», -деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы А.Байменова. 

Қарғалы өзені бойында орналасқан бау-бақша ұжымдарының үйін сақтау үшін су бұру, арнаны бекіту жұмыстары жүргізілген. Судың бағытын бөгеу жұмыстарына 80-нен аса әскери, мердігер компания өкілдері мен 10-ға жуық ауыр техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұл өңірдегі төтенше жағдай жарияланған алтыншы аудан. Сонымен бірге Ақтөбе қаласында да түнде 100-ден астам адам эвакуацияланды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе қаласы мен Ойыл, Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Пікірлер