Құрғақшылықтың кесірінен Қызылордада төтенше жағдай жарияланды

3280
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысы Арал ауданында құрғақшылық пен мал азығының жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24" және inbusiness.kz.

Маусымның басында ауданда 500 сиыр мен жылқы қырылған. Оның негізгі себебі - жайылымдар, ауа райының ыстық болуы және Сырдария өзенінің суы аз болуы. Жайылымдардың 90 пайызы жауын-шашынның аздығынан жарамсыз болып қалған.

Әкімдік төтенше жағдай режимін жариялауға құжаттарды бір айдай дайындаған. Құжат Әділет министрлігінде тіркелді.

Бүгінде жағдайдың тәулік бойы мониторингі ұйымдастырылды. Көрші ауылдарда шабындыққа тартылған еріктілер бригадасы құрылды. Еріктілер Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандарында жұмыс істейді.

Ақтөбе облысымен де келісім бар. Ырғыз ауданының шаруашылықтары қол жетімді бағамен жем беріп қана қоймай, жайылымдық жерлерін шөп шабу үшін пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.

"Құрғақшылықтың салдарын жою жұмыстарына ауданға екі миллиард теңгеге жуық қаражат қажет болады. Біз "қызыл" аймаққа енгізген осы 13 ауданда суға 15 ұңғыма бұрғыланады. Жайылымдарды толық пайдалану және ұлғайту үшін сегіз канал қазылып, тазартылады. Сонымен қатар, осы жұмыстарды жүргізуге техника қоюымыз керек", - деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов баспасөз мәслихатында.

Әкімнің сөзінше, ауданда 205 мың бас мал бар.

"Оларға шамамен 185 мың тонна шөп қажет. Аудан өз күшімен 36 мың тоннадан аса шөпті қамтамасыз етеді, қалғаны облыстың басқа аудандарынан және өңірлерден әкелінеді", - деді аудан әкімі.

Төтенше жағдай режимін жариялау ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуімен байланысты ма деген сұраққа Сермағанбетов:

"Менің ойымша, бұл министрдің отставкаға кетуімен байланысты емес. Қазақстан Республикасының аумағында бұрын-соңды құрғақшылық салдарынан ТЖ режимі енгізілмеген. Қазіргі ТЖ режимі ел тарихында бірінші. Бұған дейін ТЖ Қазақстанда 1975 жылы жарияланған болатын".

Пікірлер