Ақтөбеде жаңа ойын-сауық орталығы ашылады

842

Шілде айының аяғында Ақтөбе қаласында «Aktobe Mall» сауда, ойын-сауық орталығы ашылады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

«Aktobe Mall» сауда, ойын-сауық орталығы екі кезеңде пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, осы айдың аяғында жалпы аумағы 44​ 000 шаршы метр болатын мультфункционалды сауда, ойын-сауық орталығы ашылады. Орталықта бренд дүкендер, аумағы 4​ 400 шаршы метрлік балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақстандағы ең үлкен жабық ойын-сауық паркі жұмыс жасайтын болады.

Екінші кезеңде сауда орталығының аумағы 70 мың шаршы метрге дейін кеңейтілмек.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылы бойымен, Едіге батыр даңғылынан «Aktobe Mall» сауда, ойын-сауық орталығына дейін амфитеатр, субұрқақ және т.б. заманауи нысандар салынады. Бұл жобаның жалпы құны — 5 млрд теңге. Жобаға «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Айта кету керек, жобаның бірінші кезеңінде 600 адам, нысан толық пайдалануға берілген соң бір мың адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ облыс орталығындағы Батыс-2 шағын ауданында  «Көктөбе» қонақүйі пайдалануға берілді. Жоба құны — 2 млрд теңге.

Қонақүйде келушілерге қолайлы жағдай жасалған. Нысанда мәжіліс залы, мейрамхана, әсемдік салоны, фитнес зал және т.б. бар.  Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы