Рудныйда екі жігітті 10 адам жабылып ұрған

3074
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы Рудный қаласында он адам екі жігітті жабылып ұрып тастаған. Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің бірі дүкенге жейдесіз кіріп, сондағы бір азамат оған ескерту жасаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

«Қазір видеоны зерделеп жатырмыз. Тек содан кейін құқықтық баға беріледі. Оның үстіне жарақат алған азаматтардың ауруханадан шықанын күтеміз. Сараптама жасалуға тиіс. Соның нәтижесімен тағы бірнеше баппен іс қозғалуы мүмкін. Әзірге бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр», – деді Қостанай облысы ПД бергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Оқиға 2-шілдеде түнде болған. Екі жігітті бір топ азаматтың жабылып, тепкінің астына алғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған. Бейнежазбадан екі жігіттің оңбай таяқ жегені көрінеді. Артынша жәбірленушілердің туыстары үндеу тастап, бұзақыларды қатаң жазаға тартуды талап еткен. Біреуінің миы шайқалып, екіншісінің жағы сынып аурханада жатыр. Ал өзінен 5-6 жас үлкен жігіттерді сабаған 17-19 жас аралығындағы азаматтар. Олардың төртеуі күдікті ретінде тергеліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото Stan.kz сайтынан)

Пікірлер