Иран генералын өлтіруге қатысқан АҚШ офицері өлі табылды

3361
Adyrna.kz Telegram

Иран әскери жетекшісі Касем Сүлейманиді өлтіруге қатысқан АҚШ әскери-әуе күштерінің офицері Джеймс Уиллис Катардағы Әл-Удейд авиабазасында өлі табылды. Бұл туралы Air Force Times басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басылымның жазуынша, 55 жастағы подполковниктің өлімі ұрыс қимылдарымен байланысты емес.

Уиллис Катарда әскери операцияда болған.

REGNUM хабарлағандай, 2020 жылы 3 қаңтарда Бағдадта Иранның әскери жетекшісі Касем Сүлеймани АҚШ-тың зымыран соққысынан қаза тапты. Кейін Вашингтон бұл қастандықты АҚШ президенті Дональд Трамптың нұсқауымен америкалық әскери күштер жасағанын мәлімдеген еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер