Иран генералын өлтіруге қатысқан АҚШ офицері өлі табылды

3318
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/cfa3eccd-35cd-4e77-9067-8279efcf8d82.jpg
Иран әскери жетекшісі Касем Сүлейманиді өлтіруге қатысқан АҚШ әскери-әуе күштерінің офицері Джеймс Уиллис Катардағы Әл-Удейд авиабазасында өлі табылды. Бұл туралы Air Force Times басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басылымның жазуынша, 55 жастағы подполковниктің өлімі ұрыс қимылдарымен байланысты емес. Уиллис Катарда әскери операцияда болған. REGNUM хабарлағандай, 2020 жылы 3 қаңтарда Бағдадта Иранның әскери жетекшісі Касем Сүлеймани АҚШ-тың зымыран соққысынан қаза тапты. Кейін Вашингтон бұл қастандықты АҚШ президенті Дональд Трамптың нұсқауымен америкалық әскери күштер жасағанын мәлімдеген еді.

"Адырна" ұлттық порталы

评论