Тәжікстан Ресейге қарсы нота жіберді

3470
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі Тәжікстан елшілігі Мәскеудің бір көшесінде скинхедтермен (нацисттермен – ред.) болған қақтығысқа қатысқан Татарстан Республикасының азаматы Әміршо Хусейновтің ұсталуына байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

23 маусымның кешінде скинхедтер Толбухин көшесінің бойында «Ресей орыс үшін, Мәскеу мәскеуліктер үшін!» деп айқайлап, басқа ұлт өкілдеріне тіл тигізген. Дағыстандықтар мен Тәжікстан азаматы қатысқан скинхедтермен ұрыс болған. Полиция төбелестің бірнеше қатысушысын, оның ішінде Амиршо Хусейновты тұтқындаған.

Ұсталғандарына бірнеше сағат болғаннан кейін Амиршо Хусейновтан басқа барлық скинхед мен дағыстандық босатылып, оларға қатысты Қылмыстық Кодекстің 213-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

РЕН ТВ хабарлағандай, төбелес нәтижесінде бірнеше ұлтшылдар ауруханаға түскен.

Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Имомуддин Сатторовтың айтуынша, елшілік оқиғаның барлық мән-жайын объективті және ашық тергеуді талап етеді.

Хусейновтің туыстары оны жәбірленуші деп санаса, Ресей билігі азаматты бұзақылық жасады деп айыптап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер