Елордада егде жастағы ер адам тыржалаңаш жүр

4361
Adyrna.kz Telegram

Елорда көшесінде үстінде киімі жоқ ер адам көшеде велосипед теуіп жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, таңғы сағат 07.14-те «102» арнасына Есіл өзенінің жағалауында тыр жалаңаш ер адамның велосипедпен кетіп бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Дереу оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ішімдікке мас күйдегі азаматты ұстады.

Оның үстінде киімнен тек аяқ киімі ғана болған.

«42 жастағы құқық бұзушының айтуынша, ол түнгі уақытта танысымен өзен жағалауында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындау үшін өзенге түскен. Ал судан шыққан кезде жағалаудан киімін таппай қалған. Танысы киімдерін алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Ер адам кездесуге келген автомобилінің багажынан велосипедін алып, Бараев көшесі бойындағы үйіне жетпек болған. Ұсталған азамат алкогольге мас болғандықтан көлік руліне отырмағандығын айтып отыр», - деді департаменттен.

Қоғамдық орында ішімдік ішкені және қоғамдық тәртіпке кереғар әрекетке барғаны үшін ер адамнынң үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440, 434-баптарымен әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды және айыппұл төлейтін болады.

Пікірлер