Атырауда “WorldskillsAtyrau-2021” өңірлік чемпионаты мәресіне жетті

1728
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында өткен бәсеке техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында болды. 

Жыл сайын өтетін жарыс төрт күнге созылды. 33 құзыреттілік бойынша сынға түскен студенттер кәсіби біліктілігін көрсетуге тырысты.

Биыл чемпионаттың айрықша жаңашыл бастамасы саналған жаңалықтың бірі мүмкіндігі шектеулі жас өрендер де чемпионат аясында өткізілген “Абилимпикс” олимпиадасына қатысты. Бұл олимпиада есту қабілеті нашар студенттерге арналды. Мұны жарыс қатысушылары мен қонақтары да батыл қадам екендігін ерекше атап өтті. Бұл жолы сайысқа Атырау сервис колледжі студенттері қатысып, оларың жұмыстарын сарапшылар жоғары бағалады. Жабылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қатысып, болашақ кәсіп иелеріне ақжарма тілегін арнады.

Жарыстың өткізілуіне қаладағы колледждер де атсалысып, бірліктерін танытты.

Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев облыстағы жоғары оқу орындары мен ұйымдардың атына алғыс хаттар ұсынып, ризашылығын білдірді. Сайыс жеңімпаздарына жеке ұйымдар мен мекемелер сыйлықтарын ұсынып, толағай табыстар тіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер