Атырауға жаңа әкім тағайындалды

3547
Adyrna.kz Telegram

Атыраудың жаңа әкімі болып Мейірім Қалауи тағайындалды. Бұған дейін ол Nur Otan партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қаңтарда өз өтінішімен қызметінен босатылған еді. Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың жаңа басшысы бұл қызметке Президент Әкімшілігі және Атырау қалалық мәслихатының келісімі бойынша тағайындалды.

«Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау қаласының әкімі тағайындалды. Ол лауызымға Атырау облысының тумасы Мейірім Қалауи тағайындалады»,- делінген ресми хабарламада.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Мейірім Қалауиды активке таныстыра отырып, оның алдында ауқымды міндеттер күтіп тұрған тұрғанын тілге тиек етіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редактор болып еңбек еткен.

2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Сондай-ақ, ол "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарған.  2019 жылдан жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеген. Одан кейін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер