Атыраудың Ақжайық ауылында ауқымды жылыжайлар салынуда

4588
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданының Ақжайық ауылында салынып жатқан жылыжаймен танысып шықты.

Махамбет ауданы Ақжайық ауылына барған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов 4 гектар жерге салынып жатқан жылыжай жұмыстарымен танысты.

«Жұмағалиева Н» шаруа қожалығы басшысы Оспан Алмастың айтуынша, жобаның жалпы құны-1,4 млрд. теңге. Осы жылдың 4 – тоқсанында жылыжай толық пайдаланыла бастайды. Қазірдің өзінде жылыжайдың қаңқасы құрылып, электр және газ желісі тартылып қойған. Мұнда 14 адам жұмыс істеуде. Жоба толық іске асқанда 350 адам жұмыспен қамтылмақ. «Жылыжай толық іске қосылғанда жылына 350 тонна қияр, қызанақ сынды көкөніс өнімдерін алуды көздеп отырмыз»,-дейді Оспан Алмас.

Өз кезегінде облыс әкімі де шаруа қожалығының ауқымды жобасы арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен, сондай-ақ арзан көкөніспен қамту үшін мол мүмкіндік ашылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ауылды жердің бюджетіне ауқымды салық түсіп, Ақжайықтың өнімдері баға тұрақтылығына да оң ықпал ететініне тоқталды.

Бұдан соң облыс әкімі ақжайқтықтармен де кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жемісті еңбек тіледі.

Пікірлер