Атырау облысында оқушыларға арналған “Жалын” жобасы басталды

1362
Adyrna.kz Telegram

Жобаның мақсаты – жастарды өзін-өзі тануға баулу, коммуникативтік дағдыларды, қаржылық сауаттылықты, әлеуметтік құзыреттілікті үйрету және болашақ кәсібін анықтауға көмектесу.

2020 жылдың ақпан айынан мектеп жасөспірімдеріне арналған “Жалын” жобасы басталды.  Аталған жоба карантиндік-санитарлық талаптарды сақтай отырып, бүгінгі таңда Құлсары қаласында 12 мектеп пен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылындағы 3 мектептің жасөспірімдері арасында жүзеге асып жатыр.

Қатысушылардың жобадан алған білімдерін шыңдауына, өз ойларын еркін жеткізуіне мотивация беру мақсатында инстаграм әлеуметтік желісінде #JalyndyJazba шығармашылық байқауы ұйымдастырылып, ең үздік деп танылған қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Қатысушылардың жобаға қатысудағы белсенділігі, қызығушылығы, өз ойларының еркіндігіне қарай отырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына “Жалынның” қаншалықты әсер етіп жатқандығын аңғаруға болады. Қатарынан қара үзіп, бай да қуатты, бақытты өмір сүру, “дүниенің кетігін тауып, кірпіш болып қалану” әркімнің өз қолында!- деп атап өтті өз сөзінде “Жалын” жобасының координаторы НУРЛЫГУЛ РАМАЗАНОВА.

Қазіргі таңда жоба аясында 24 топта 360 жоғары сынып оқушылары оқытылып жатыр. Жыл соңына дейін жобаға 900-ге жуық оқушы қатысады. Жоба үш раундтан тұрады және әр раундты сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады. Жоба соңында тәлімгермен бірге қатысушылар әлеуметтік жоба дайындап, топтасып жүзеге асырады.

Айта кетейік, жобаны “Теңізшевройл” ЖШС қаржылай қолдап, “Жүректен жүрекке” қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Пікірлер