Өзбекстан контейнерлердегі жылжымалы сұлулық салондарын шығаруды игерді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күні бұрын осындай 50 контейнер елдің шалғай ауылдарына жіберілген.
Салондар қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Олардың әрқайсысы «Әйелдер дәптеріне» енгізілген және арнайы кәсіптік дайындықтан өткен жеті әйелді жұмысқа қабылдай алады.
Жобаны Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы жүзеге асыруда.
«Әйелдер дәптері» дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психологиялық қолдауға, білімге және кәсіби дайындыққа мұқтаж және қызығушылық білдіретін жұмыссыз әйелдерді анықтау, шешу және проблемаларын қадағалауға арналған мәліметтер базасы.
"Адырна" ұлттық порталы