Коронавирустың қасақана лабораторияда қолдан жасалғаны белгілі болды

861

Британдық-норвегиялық жаңа зерттеу жарыққа шықты. Ол жерде қытай ғалымдарының коронавирусты Ухань зертханасында жасап шыққаны жазылған. Ал содан кейін вирустың кері нұсқаларымен оның ізін жасырып, жарқанаттардан пайда болғандай етіп ауыстыруға тырысқан екен. Daily Mail басылымы зерттеу мен дәлелдемелерді жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Зерттеу авторлары: норвегиялық доктор Биргер Соренсен (Birger Sørensen) және Британдық профессор Ангус Далглейш (Angus Dalgleish). Олар бұған дейін дәлелдердің болғанын хабарлаған. Алайда ғылыми қауымдастық оларды елемеген болып шықты.

Коронавирусқа вакцина жасау кезінде Covid-19 үлгілерін талдаған Соренсен мен Далглиш вирустың үлгісінде «бірегей саусақ іздерін» тауыпты. Мамандардың айтуынша, олар тек зертханадағы манипуляциялар нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ғалымдар коронавирустың арғы тегі жоқ екенін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы