Түркия ұшқышсыз ұшатын бомбалаушы ұшақтарды жасап жатыр

4467
Adyrna.kz Telegram
Түркия әлемдік державаларды өзінің алғашқы ұшқышсыз басқарылатын бомбалаушы ұшағымен сескендіруге кірісті. Ұшқышсыз ұшатын бомбалаушы ұшақтарын Түркияның тәуелсіздігінің 100 жылдығына байланысты әуе кеңістігіне ұшырмақ. Бұл жайында Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған Парламент фракцияларының алдында 26 мамыр күні ресми мәлімдеме жасады. Бұл жайында Anadolu ақпараттық агенттігі хабар таратты.
Түркияның көшбасшысы отандық қорғаныс өндірісінің ішінде бомбалаушы дрондар (БПЛА) мен ұшқышсыз ұшатын бомбалаушы ұшақтардың перспективасына ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, әлемнің төрт елінде 180 Bayraktar TB2 әуе қорғанысын қамтамасыз етумен айналысуда.
Реджеп Тайып Ердоған өздерінің отандық қорғаныс саласының жетістігін техникалық прогресс бойынша кезекті жалпыұлттық инициатива деп атап өтті. Және отандық дрондарының алдағы уақыттағы перспективасына да тоқталды.
Түркия алдағы уақытта AKINCI компаниясының ең соңғы өнімдерінің таныстырылымын жасап отыр. Бұл компанияның өнімдері Bayraktar TB2-дан да қуатты болып шығуда.
EADaily-дің хабарлауынша, Түркия TF-X National Combat Aircraft (MMU) бағдарламасы аясында TAI компаниясымен де қорғаныс саласындағы бірлескен жобаларды іске асырмақ. Алдағы уақытта Түркияның аталған бағдарламалар аясында ұлттық моделдегі бомбалаушы әрі ұшқышсыз ұшақтары шығарылмақ.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер