Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонды

1546
Adyrna.kz Telegram
Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Алматыдан Антальяға ұшқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"8 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 08:35-те Алматы – Анталья бағытындағы КС915 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы техникалық себепке байланысты Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Оған орталық бактағы жанармай жүйесінің қорғаныс клапанындағы ақау сабап болды. Рейс қосалқы бөлшекті Алматыдан жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтар сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақтану мен қонақ үйде тұру қамтамасыз етілді. Антальядағы жолаушылар үшін де осындай шаралар қабылдануда", – деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері.

Ақтау әуежайының баспасөз қызметі де техникалық себепке байланысты ұшақтың қонғанын растады. Бірақ егжей-тегжейлі мәліметтер бермеді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер