Антарктида: Ғалымдар дабыл қағуда

3813
Adyrna.kz Telegram

Адамзат бүгіннен бастап әрекет етпесе, 2060 жылы мұздықтар еріп, әлемдік мұхит деңгейі көтерілуі мүмкін деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы NASA-ға сілтеме жасап.

Жақында NASA-ның Instagram желісінде Патагониялық Анд тауларындағы ең жылдам қозғалатын мұздықтардың бірі — Упсала мұздығының суреті жарияланды. Бұл мұздықтан үнемі үлкен айсбергтер бөлініп тұрады.

Соңғы 100 жылда Аргентина мен Чили арасында орналасқан Упсала мұздығы мен тағы үш ірі мұздық түбегейлі өзгерген: олар кішірейіп, әдеттегі орындарынан «қозғалған».

Бүгінгі күні мұздықтардың апатты жағдайда жылдам еруі бүкіл әлемде байқалады. Мысалы, жуырда ғалымдар зерттеу жасап, Антарктиданың қашан еритінін болжады. Бүгіннен бастап адамзат іс-әрекет жасамаса, онда 2060 жылы мұздықтар еріп, соның салдарынан әлемдік мұхит деңгейі көтерілуі мүмкін.

Мұздықтары бар метаморфозалар қазірдің өзінде ғарышкерлерге де байқалады. Жердің климатының өзгеруіне байланысты халықаралық ғарыш станциясы біздің планетамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі мәліметтер беріп отырады.

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер