Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалындағы игі істер

2860
Adyrna.kz Telegram

Филиал қызметкерлері жыл сайын дәстүрлі «Донор күнін» өткізуді дәстүрге айналдырған. Сол әдетінен айнымай, биыл да мұқтаж жандарға көмек болсын деп, филиал қызметкерлері қан тапсырды.

Қызметкерлер арасында көп жылдардан бері қан тапсырып, көптеген жанға ажалдан араша болып, «Құрметті донор» атанғандар да бар. Солардыі бірі – Динара Тұрғалиқызы. Ол 2011 жылдан бері үзбей қан тапсырып келеді. Биыл 71-рет донор атанды. Жер жүзінің әрбір үшінші тұрғыны қанға мұқтаж, орта есеппен әр күн сайын 300 адамға қан құйылатынын ескерсек, қан тапсырушының ұандай ізгілікті ңс атқарып жатқанын байұаймыз. Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау – сауапты іс.

Осылайша, бойындағы тамшы қанын зәру жандарға сыйлайтын құрметті жандар қатарында Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары да бар екенін мақтаныш етеміз.
Осындай игі шара қатарында, филиал мамандарының қарт кісілердің үйлеріне барып көмектесуін, қала экологиясына үлес қосып, ағаш отырғызу шараларын да қосуға болады.
Филиалдың қаланың әр ауданында орналасқан бөлімдерінің басшылары жиналып, ағаш отырғызу шарасын бастады. Бұл жолы, Алатау ауданындағы мамандандырылған ХҚО алдына 50-ге жуық арша отырғызды.

«Мұндай игі де ізгі шаралар филиалымызда қолдау тауып, үнемі жалғасып жатады. Филиал және бөлім басшылары бастаған жасылдандыру бастамасын, енді барлық бөлімдер қызметкерлері жалғастыратын болады», - дейді филиалдың PR-менеджері Жаңыл Әпетова.


Иә, жақсы іс – жаныңды жадыратып, өмір сүру құлшынысыңды арттырары сөзсіз. Олай болса, жақсылық жасап жарысайық!

Пікірлер