Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

4822
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаев МузАРТ тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

21 мамырда Қазақстан Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өтті. Салтанатты жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  МузАРТ тобына Елбасының құттықтауын оқып берді.

"Мен сіздерді 20 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Табиғи дарын мен талғамның, табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында танымал топқа айналу - үлкен жетістік. Сіздердің шығармашылықтарыңыз дами берсін. Сіздерге зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін! - деп жазылды Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

 "Құттықтауыңыз үшін көп рақмет! Жақсы нәтижеге жетіп, мемлекет басшысының марапатын алу біз үшін үлкен мәртебе", деп қатысушылар алғыс білдірді.

«МузАРТ» тобы 2001 жылы құрылды. Оның құрамынада: Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбілов кіреді. Топ «Шынарым», «Шашбаулым», «Сағындым Алматымды», «Қазақтай ел қайда», сонымен қатар «Үшқоңыр» әндерін орындайды. «Үшқоңыр» әнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер