Ерекше сайыс: Ресейде көр қазудан чемпионат өтті

2685

Ресейдің Новосібір қаласында ерекше сайыс өтті. Шаһарға елдің әр қаласынан келген топтар аз уақыт аралығында адамды көметін көр қазып, оған табытты орналастырудан бақ сынасты. Нәтижесінде Омбы қаласынан келген қатысушылар сайыстың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, сайыс өткен жер Новосібір қаласындағы крематорийдің жанындағы алаңда өтіпті.

Айта кетерлігі, байқау «Некрополь – Сібір 2021» көрмесі аясында ұйымдастырылған. Сайыстың талаптары да өзгеше болды. Жарыс қатысушылары ұзындығы 2 метрді, ені 80 сантимерді және тереңдігі 160 сантимерді құрайтын көр қазу керек болды. Көрдің қаншалықты талаптарға сәйкес келетінiн, әділ қазы мүшелері оған табытты орналастыру арқылы анықтап, біліп отырды.

Ұйымдастырушылар сайысқа қатысқан екі бірдей топ көрді жарыс талаптарына сай қазбады дейді. Осылайша, чемпионат жеңімздары ретінде Омбы қаласынан келген топ танылды. Олар 38 минут ішінде барлық талаптарға сай келетін көр қазып, жарыстың жеңімпаздары атанды.

Байқауға сондай-ақ Ресейдің Томск, Алтай өңірінің қалаларынан келген топтар қатысты. Жарысты ұйымдастырушылар мұндай ерекше байқауды не себепті өткізгендерін де түсіндіріп берді.

Айтуларынша, олар осы сайыс арқылы жастардың аталған кәсіпке деген қызығушылығын арттырып, жұмыстың орындалу сапасын жақсартпақшы болыпты. Сонымен бірге, олар мұндай сайыстан соң жерлеу рәсімін орындаудан бас тартпайтын жастар көбейеді деп сеніп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

(фото 24tv.ua сайтынан)

Пікірлер
Редакция таңдауы