Билл Гейтс бұрынғы әйеліне $3 млрд берді

2230
Adyrna.kz Telegram

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс 850 миллион доллардан асатын акциясын бұрынғы әйелі Мелиндаға берді. Неке бұзылғаннан кейін ол құны үш миллиард доллар болатын құнды қағаздарға ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, бағалы қағаздардың соңғы бөлігі — ауылшаруашылық және құрылыс техникасын шығаратын John Deere компаниясының 2,25 миллион акциясы.

Айта кетейік, мамыр айында Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда 27 жылдық некеден кейін ажырасатындарын мәлімдеген еді. Қазіргі таңда бұрынғы ерлі-зайыптылар көп миллиардтық мүлікті бөле бастады. Forbes олардың бірлескен байлығын 130,5 миллиард долларға бағалап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер