Кедендік одақ арқылы Қазақстан Ресейді асырап отыр

2022
Кедендік одақ арқылы Қазақстан Ресейді барлық тарапынан бұрынғы СССР кезіндегідей асырап отыр
Ресейге маталып қалдық, ол аз болғандай өзіміздің ұрыларға тағы да оңбай тоналдық.
Бұрын доллар 150 теңгенің кезінде Дубайдан салоннан 25 000$-ға су жаңа көлік алып, кейін Иран арқылы пароммен Ақтауға келгесін барлық 'кедендеу' жұмыстарына асып кетсе, 1500-2000$ төлейтін едік.
Былай қарасаң салық тауардың max 8%-ін құрап тұр. Логикаға сай цифр, ал қазіргі салық жобамен тауардың 30-40%-ін құрайтын шығар. Техникалық сипаттарына сай кейде одан да көп болуы мүмкін (білетіндер болса, нақты цифрларды комментке жаза отырар).
Кейін 2014 жылдары қалай Ресей Украинамен соғысып бастады бізде БӘРІ аяқ астынан қымбатсып шыға келді. Доллар кетті шарықтап. Оған қоса шет елдерден келетін көліктің "растаможка"-сы ұшынып шықты да есесіне Ресейден келетін көліктерді рәсімдеу арзанси қалды. Ойлап қарасаң шет елдерден (Ресейден басқа) келетін көліктердің растаможкасын қымбатсытуға түк негіз жоқ. Транзит сол баяғы транзит. Енді нарық ағымына сай салық сомасы сәл-пәл өсуі мүмкін, бірақ "не до такой степени, есьже. К тому же российский тазик с болтами не сравнить, например, с лексусом или тойотой".
Енді осының барлығын кездейсоқтық деп ойлайсыздар ма, достар? Орекемдер бізді от души счетчикке отырғызып қойған ғой. Қалай болғанда да соғыс - өте қымбат іс. Біреудің соғысы үшін де біз төлеп отырмыз негізі...
Бізде экономикалық тәуелсіздік бар ма өзі?
Дастан МЫРЗА,
Тәуелсіз сарапшы 
Пікірлер
Редакция таңдауы