Танымал блогер көшеде кезіккен алматылықтардың несиесін төлеп берді

5111
Adyrna.kz Telegram

Алматыда TikTok-блогер Нұрбек Нұртаз қайырымдылық жасады. Ол кездейсоқ кезіккен алматылықтардың несиесін төледі.

Блогердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Желі қолданушылары видеоны көргенде көздеріне жас алғанын айтуда. Себебі адамдардың шынайы сезімі экранның ар жағынан да байқалған екен.

Нұрбек Нұртаз адамдардың несиесін төлеп беру идеясы аяқ асты келіп, жүзеге асқанын айтты.

«Біз қайырымдылықпен жиі айналысып тұрамыз, бірақ оны үнемі көрсете бермейміз. Кез келген адамға жақсылық жасауымыз мүмкін, ол жай көшеде кетіп бара жатқан адам, мүгедек немесе «жекеге» көмек сұрап жазған адам болуы мүмкін. Егер адам шынымен қиналып тұрса, көмектесуге тырысамын. Әсіресе қасиетті айда неге жасамасқа? Оның үстіне мүмкіндігің болып тұрса. Менің бұл ойымды әйелім мен отбасым қолдады», - дейді ол.

Сонымен қатар блогерге қала тұрғындарының көбі сенбеген.

Айта кетейік, Нұрбек Нұртаз бұл жолғы қайырымдылыққа бір миллион теңгеден аса қаржысын жұмсап, шамамен он адамға қаржылай көмек көрсеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер