«Байқоңыр» кешенін жалға беру мерзімі ұзартылды

4491
Adyrna.kz Telegram

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар " 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр "кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жиын барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін 20 жылдан астам уақыт бойы жалға алып келе жатқанын айтты.

«Жалға беру туралы шешім 1994 жылы еліміз ауыр экономикалық жағдайда ғарыш айлағын күтіп-ұстауға және пайдалануға мүмкіндігі болмаған кезде қабылданды. Жасалған келісімге сәйкес, Ресей Байқоңыр қаласын және ғарыш айлағын өзінің ғарыштық бағдарламаларын орындау үшін пайдалану құқығы мен күтіп-ұстау міндеттемесін алды. Ол 10 жылға ұзарту мүмкіндігімен РФ-ға 20 жылға жалға берілді. Бұдан бөлек "Байқоңыр" кешені жұмысының түрлі мәселелерін реттейтін 70 - ке жуық халықаралық шартқа қол қойылды", - деп нақтылады ведомство басшысы.

Мусин жыл сайын республикалық бюджетке кешенді пайдаланғаны үшін 115 млн АҚШ доллары сомасында жалдау ақысы түсетінін хабарлады. Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында түсіндірілгендей, келісімнің  4-бабына (Жалдау мерзімі) өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер