Құран не айтады, дін не дейді?

3711
Adyrna.kz Telegram

«Үш Қиян » баспасының қолдауымен елімізге белгілі профессор-академик Хисмет Бозанұлы Табылдиевтің рухына арналған, журналист (IFJ-мүшесі) Тұрарбек Құсайыновтың ағартушылық-танымдық бағытта "Құрандағы Ислам"атты шағын кітабының тұсаукесері болды.

Бірнеше жинақтарымен оқырман қауымына танылып үлгерген автор бұл еңбегінде тарихи қалыптасқан әртүрлі көзқарас пен ағымдарға өз тұжырымдарын арқау етіп , халықаралық экстремизм мен терроризмге байланысты кәсіби журналистер мен қоғам белсенділері өз ойларын ортаға салды.

Бағасы 1000 теңге.
Адрес:
Жібек-жолы-Зенкова 50
"Квартал " бизнес-орталығы,3-ші этаж,325кеңсе(офис)
Құралай: 8701 435 98 74

***

Өз басым діннің айналасындағы итіс-тартыстардан аулақ болғым келеді. Бұл сірә ақылды қулар мен ақылды топастардың еншісіндегі тірлік. Ымыраға келмес қым-қиғаш алыс-жұлыс күрес мен білгенде мысыр жұртынан өз қауымын бөліп ап, құдай нұсқаған жерұйық мекенге аттанатын Мұса пайғамбардан басталған. Кейін жалпыдан бөлініп, жік ашатын тап осы әрекет Иса, Мұхамбет пайғамбарларға да тән болды.

Бір сұрақ мазалайды. Он сегіз мың ғаламды жаратушы - ұлы күш иесі қасиетті кітаптарға жазылар аяндарын неге тек Таяу Шығысқа түсіре берген? Жаратушы сүйген құлдарын Азия, Америка, Австралия, Сібір жұртынан неге таңдамайды? " Құдай үшін адам баласы бірдей" дейтін мен оқыған Құран, Інжіл, Таурат бұған нақты жауап бермейді.

Бұл кітаптардың тілі жөнінде де осы ойлар төңіректейді.

Жуырда журналист-зерттеуші Тұрарбек Құсайын баспамызға "Құрандағы Ислам" кітабын әкелді. Брошюра түріндегі шағын жинағына ислам діні хақындағы өз көзқарасы мен тұжырымдарын ортаға салады. Құранға жүгіне отырып, хадистер арқылы негізделетін діндегі түрлі шектеулер мен нұсқауларды жоққа шығарады. Пайғамбардан кейін жүз жыл шамасында алғашқы хадистер (сөздер) пайда бола бастаған. Олар негізінде халифтерден кейін билікке келген Умаийя кейін Аббас әулетінің ыңғайына орай жазылған. Мысалы хадис жазғандар сәлде, шапан, сақал, хиджаб, жерде отырып қолмен тамақ жеу, әйелдердің құқын шектеу, патша Алланың жердегі ең жақын адамы сынды Құранда жоқ көптеген мәселені " Пайғамбардың сүндеті" деген желеумен жұрттың санасына сіңірген. Осылар жөнінде еңбектің бірінші бөлімінде қамтылған.
Екіншісі алаш арыстарының жәдидтік ілім, ұстанымдары тұрғысында. Яғни Абайдан, Ыбырайдан бастап Ғұмар Қараштарға дейінгі белгілі тұлғалар ұстанған жол сөз болады.

Бір сөзбен кейбір нәрселерге, көп жайларға ой жіберуге, байлам жасауға керек кітап. Мұны айтқанда Құранның аят, сүрелері мен хадистік топшылаулар қабыспайтын тұстарды меңзеп отырмын. Ал кім қалай қабылдауы әркімнің өз еркіндегі шаруа екені даусыз.

Махмут Қосмамбетов,
Үш Қиян баспасының директоры

Пікірлер