Үндістанда Сталин жеңіске жетті

2457
Adyrna.kz Telegram

68 жастағы Мутувел Карунанидхи Сталин Үндістандағы оңтүстік Тамил Наду штатының Бас министрі болуға дайын. Бұл туралы India Today басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол басқаратын "Дравида муннетра кажагам" партиясы аймақтық сайлауда көпшілік дауысқа ие болды. Сайлау науқаны кезінде Сталин «Тамил Надуды өзгертуге» уәде берді.

Айта кетейік, саясаткер Иосиф Сталин қайтыс болардан төрт күн бұрын дүниеге келген. Сол себепті әкесі дәл осы есім беруді жөн көрген екен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер