Австралия үкіметі Қытайдың инвесторларын елдің ең маңызды порттарынан қуып жатыр

5671
Adyrna.kz Telegram
Дегенмен біз Австралия емеспіз. Бірақ біздің елдің де сыртқы саясатта өзімізге лайық саяси амбициямыз бен нақты ұстанымымыз болуы керек. Онсыз болмайды. Жалтақтау, жалбақтаудың да керегі жоқ. Қазақстан азаматтарын алаңдатқан сияқты, дүниенің көпшілік елдерін алаңдатып отырған Қытайды экономикалық саясатына Австралия өкіметі  қарсы шара қолданып, инвестициясына тосқауыл қойып  жатыр. 
Бұл Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисонның тікелей бұйрығымен іске асты. Оның айтуынша, бұл ел шара үкіметінің елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін барған маңызды қадамы болыпты. Дегенмен дұрыс шешім.
Мысалы, Ньюкасл портын Қытай консорциумына 2014 жылы $1,75 млрд долларға 98 жылға арендаға берген. Бұл портта қытайлық инвесторлар Австралияның көмір өндірісін іске асырған. Енді оны қайтарып алды.
Екішнісі, Дарвин порты. Бұл портты да қытайлық Landbridge Group инвесторлар тобы 99 жылға көмір өндірісін іске асыру мақсатында алған. Ол үшін $506 миллион доллар аренда төлеген. Австралиядағы көмір өндірісі қытайлық инвесторлар үшін өте қолайлы инвестициялық табыс көзі болған.
Енді Австралияның федеральді өкіметі порттарды өзіне бірінен соң бірін қайтарып жатыр. Қазір Камберра мен Пекиннің арасындағы дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас нашарлап кетті. Австралияға технологиялық өнімдерді экспорттауды Қытай тарапы тоқтатып тастады. Екі елдің арасындағы экономикалық тауар айналымы 2019 жылы $104 млрд долларға дейін жеткен екен. Бұдан кейінгі уақыттарда бұл рейтинг төмендейді деп жатыр экономикалық сарапшылар.
Ең қызығы Австралия тарапы Қытайдың 5G технолологиясын еліне мүлдем кіргізбейтін болып шешім шығарды. Себебі, 5G технологиясы Австралия өкімтетінің ойынша, елдің ұлттық қауіпсіздігіне орасан зиян келтіреді. Бұл енді өте дұрыс шешім деп ойлаймын.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер