2025 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асады — Елбасы

4533
Adyrna.kz Telegram

2025 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессиясында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"1993 жылы біздің ортақ шатырымыз - Кеңес Одағы құлаған кезде адамдар не істеу керектігін, өздерін қалай ұстау керектігін білмеді. Мұнда көптеген өзге республикалардан келгендердің кейбірі елде қалғысы келсе, басқалары кеткілері келді. Біз шешімдеріне араласқан жоқпыз, еркіндік бердік. Қазақстаннан үш миллионға жуық адам кетті. Содан кейін халық саны 14 миллионға дейін төмендеді. Біз қазір 19 миллион адамға жақындадық. Мен 2025 жылға қарай халық саны 20 миллион болады деп нақтыладым. Бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп ойлаймын",  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жоғарыда аталғандай, Қазақстан астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтті. Отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ ел астанасы мен облыстарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер