Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинмен кездесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауына алғыс айтты.
Президент Александер Чеферинмен отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыруды жоспарлады. Олар клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды.
Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Ол UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Айта кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында шекаралас мемлекеттер жайлы сөз сөйлеген еді.