Германияның бұрынғы президенті Хорст Келер 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW басылымына сілтеме жасап.
Берлиндегі федералдық президент кеңсесінің хабарлауынша, Келер 31 қаңтар күні таңертең ауыр әрі қысқа науқастан кейін өмірден өткен.
Хорст Келер 2004 жылы Германия президенті болып сайланып, бұл қызметті 2010 жылға дейін атқарды. Алайда сол жылы күтпеген жерден отставкаға кетті. 2010 жылғы 31 мамырдағы мәлімдемесінде Келер оппозициялық партиялардың өзіне деген "құрметсіздігін" отставкасының басты себебі ретінде атады.
Президенттік қызметке дейін Халықаралық валюта қорын (МВФ) басқарған саясаткер 2017 жылы БҰҰ Бас хатшысының Батыс Сахара мәселесін реттеу жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды. 2019 жылы денсаулығына байланысты бұл қызметтен де кетті.
Хорст Келер 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен. Сол кезде ол Қазақстанды Еуразиядағы тұрақтылық аумағы деп атаған болатын. Сонымен қатар, 2023 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен Тоқаевты арнайы құттықтаған.