Ассамблея мен Қоғамдық келісім қызметкерлері сенбілікке шықты

2537
Adyrna.kz Telegram

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сенбілік қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Осыған орай қалыптасқан дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері мен Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері «Бірге-таза Қазақстан» акциясы аясындағы шараны қолдап сенбілікке қатысты.

Жалпы, Ассамблеяның мүшелері қай мезгілі болмасын, қала тазалығын және табиғатты көгалдандыру мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Соның айғағы іспеттес, бүгінгі Ботаникалық бақта өткен сенбілікті атап өтуге болады. Қоршаған ортаның тазалығы бәрімізге ортақ десек, оның таза күйінде қалыпты болуы зор жауапкершілік жүктейді. Біздің елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы " Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қыс мезгілінің өзінде, қамқорлықты қажет ететін жалғызбасты қарттардың тұрғын үй аулаларын да қардан тазартуды дәстүрге айналдырған. Бұл игілікке бағытталған тазалық дәстүрі жыл бойы өз жалғасын табатын болады. Бетке ұстар басты қаланың көркемдігі, тазалығы Нұр-Сұлтан қаласы Ассамблеясының ұдайы назарында. Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты: қала көшелерінде тазалықты сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосу.

Пікірлер