32 педофил бостандыққа шықпақ: Балаларды қалай қорғаймыз?

3926
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 32 педофил осы жылдың соңына дейін бостандыққа шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен 1800 адам жазасын өтеп жатыр. Ең қорқыныштысы, олардың саны күннен-күнге артуда.

Арнайы байланыс орталығы алаңдаушылық білдірген ата-аналардың қоңырауларын қабылдауды жалғастыруда. Мұндай қылмыс жасағандардың жазасы жеңіл. Дегенмен, 10 педофилдің 9-ы бостандыққа шаққаннан кейін бұрынғы қылмысын қайта жасайды.

Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған елордалық байланыс орталығына әдетте құрбан болған балалардың ата-аналары хабарласады. Қазір орталық мамандары педофилияға қатысты екі жағдаймен айналысуда.

«Қыз өгей әкесі өзін сипайтыны туралы айтты. Анасы сараптама жасатты. Гинеколог деректі растады», - дейді «Нұр Отан» партиясының 111 төтенше жағдайлар қызметінің үйлестірушісі Гүлсім Жиенова.

Бас прокуратураның сайтында 14 жасқа дейінгі балаларға қарсы қылмыс жасаған адамдардың суреті мен олардың мекен-жайлары көрсетілген карта орналастырылған.

Олар үшін жаза шартты түрде сотталу, мәжбүрлі кострациядан бастап, 20 жылға бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылады. Мәселен, Бас прокуратураның сайтында көрсетілгендей, Өскемен қаласының тұрғыны Павел Аршинец 18 жасында бір жылға ғана шартты түрде сотталса, ал Есік ауылының тұрғыны Жасұлан Урдабаев зорлау және кісі өлтіру қылмысы үшін 21 жылға сотталған.

Педофилдер бостандыққа шыққаннан кейін мінез-құлқына байланысты алты айдан үш жылға дейін полицияның қарауында болады. Осыдан кейін, заңға сәйкес мәліметтер алынып тасталады. Бірақ, психиатрлардың айтуынша, педофилия емделмейді.

«Неврологтардың зерттеуі бойынша, шығарылғандардың көпшілігі әлі күнге дейін қоғам үшін өте қауіпті деген қорытынды жасауға болады. 90% адам емделмейді. Жалғыз қорғаныс - балаға құрбан болудан қалай сақтануға болатынын үйрету керек. Балаға бейтаныс адаммен сөйлеспеуді, қол тигізсе, айқалап көмекке шақыруды үйрету керек», - дейді психолог Виктория Аншакова.

Психологтар бірауыздан мемлекеттік мекемелер де, тәрбиешілер де, полиция қызметкерлері де балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық деңгейін айтарлықтай төмендете алмайды деген пікірде. Сондықтан, бала үнемі ата-ананың бақылауында болуы керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер